Әлем

Трамптың ұшағы жолаушылар рейсімен әуеде қауіпті жағдайға тап болды

Echo

Фото авторы:




Президент Дональд Трамптың ұшағы Spirit Airlines әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағына тым жақын ұшып өткен, - деп хабарлайды Newmedia.kz.

Дональд Трамп Ұлыбританияға мемлекеттік сапармен бара жатқан сәтте оның президенттік ұшағы әуеде жолаушылар лайнерімен қауіпті жағдайда соғылып қала жаздады.

Оқиға Трамп отырған Boeing 747 әскери әуе базасынан көтерілгеннен шамамен жарты сағат өткен соң болған. Ұшақ Лонг-Айленд үстінде Spirit Airlines әуе компаниясының 1300 рейсімен бір бағытқа түсіп қалған. Бұл рейс Форт-Лодердейлден Бостонға бет алған еді.

Әуе қозғалысын реттеуші диспетчер Spirit Airlines ұшағының экипажына дереу 20 градусқа оңға бұрылу туралы қатаң бұйрық берген. Радиожазбаларға сүйенсек, ол команданы бірнеше мәрте қатқыл дауыспен қайталағаннан кейін ғана ұшқыштар бұйрықты орындаған.

«Сол жақта ақ-көк түске боялған үлкен ұшақ – президенттік Boeing 747 ұшып барады», – деген диспетчердің сөзі журналистерге түскен радиожазбадан үзіндіде келтірілген.

Нәтижесінде екі әуе кемесінің бағыты Лонг-Айленд-Саунд бұғазының үстінде шамамен бір минут айырмашылықпен және 9 мың фут (2,7 км) биіктікте қиылысты. Қақтығыс болмағанымен, диспетчер Spirit Airlines экипажына қырағылық таныту керектігін ескерткен.

Spirit Airlines мәлімдемесінде рейстің барлық нұсқауды орындап, Бостонға сәтті қонғаны айтылды. Ал Трамптың президенттік ұшағы еш кедергісіз Лондонға жетіп, мемлекеттік сапар басталды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру