Қоғам

Ақтауда ерекше баланың анасы түзету орталығының тренерін ұлына күш көрсетті деп айыптады

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Ақтауда ерекше баланың анасы түзету орталығының тренерін ұлына күш көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі редакцияға берген жауабында бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Өтініш берушінің барлық дәлелі тексеріледі, сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерттеледі. Мекеме қызметкерлерінен жауап алынады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, тиісті уәкілетті органдарға - Білім және Денсаулық сақтау басқармаларына өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін ұсыныс жіберілмек.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру