Фото авторы: Depositphotos.com
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 31 қазанда қонақүйдегі таңғы астан кейін бірнеше бала өзін жайсыз сезінген. Бір тәулік ішінде ауруханаға түскендердің саны 15-ке жеткен.
Ата-аналардың айтуынша, жұмыртқа жемеген сегіз бала ғана ауырмаған. Алайда балалардың неден уланғаны немесе сырқаттанғаны әзірге ресми түрде нақтыланбаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне барған бірқатар қатысушының денсаулығы кенеттен нашарлағанын растады.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылған.
Көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматы Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр, – деді ол.
Қазір қазақстандық дипломаттар футболшылардың ата-аналарымен және медициналық мекемелермен байланыс орнатқан. Мәселе министрліктің бақылауында.
Пікір жоқ