Қоғам

Шымкентте екі адам жол белгісін қасақана бүлдірген

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Шымкентте жол белгісін қасақана бүлдірген екі адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Екі адам аулада орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол белгісін қасақана бүлдірген. Оқиға түнгі уақытта болған және Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған.

Кадрлардан олар жол белгісін теуіп, әдейі зақымдап жатқанын көруге болады.

"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Құқықбұзушыларға әкімшілік шара қолданылды", - деді өңір полициясы.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру