Фото авторы: Қазгидромет
Экология министрлігі Ирандағы мұнай қоймаларына жасалған шабуылдан пайда болған "улы түтін" мен "қышқыл жаңбыр" Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген сыбысты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Newmedia.kz
"Бұл заттардың нақты концентрациясы мен салдары әзірге белгісіз. Бірақ әдетте зиян түзіліс ұзақ қашыққа дейін тарамайды. Сондықтан бізде денсалыққа зиян қышқыл жаңбыр жаумайтынын сеніммен айта аламын", - деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Шенеуніктің сөзінше, улы газдар Қазақстанға да, Орта Азияның басқа елдеріне де жетпей, ауада тарап, жоқ болып кетуі - физикалық құбылыс. Сондықтан министр дабыл қағып, жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Пікір жоқ