Қоғам

Атырау облысында жоғалған отбасы: марқұмдардың денесінде үшкір заттың жарақаты болған

Echo

Фото авторы: IIM




Атыраудағы қанды қылмыс бойынша жаңа дерек белгілі болды. Күйеу балалары жалдап тұрған үй іргесінен өлі табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесінде үшкір заттың жарақаты болған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Полицияның мәліметінше, жарақат көзге көрініп тұр. Алайда өлімге нақты не себеп болғаны сараптамадан соң белгілі болады.

"Мүрделерде үшкір заттан жарақат бар, көрдік. Алайда ол неден болғанын сараптамадан соң білеміз. Тергеу біткеннен кейін нақты жауап береміз", - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру