Әлем

Иранның әйелдер футбол командасы Австралиядан баспана сұрап жатыр

Echo

Фото авторы: желі




АҚШ президенті Дональд Трамп Австралияға Иранның әйелдер футбол командасына баспана беруді сұрады, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жексенбі күні Иран құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінің соңғы турында Филиппин командасына 0:2 есебімен ұтылып, A тобында соңғы орын алып, турнирдегі ойындарын аяқтады.

Трамп өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Австралия ұлттық құраманың әйел футболшыларына Иранға оралуға мүмкіндік беріп, гуманитарлық қатты қателік жасап отыр. Оларды Иранға қайтармаңыз, онда оларды өлтіру қаупі жоғары. Премьер-министр мырза, оларға баспана беріңіз. Егер сіз бермесеңіз, АҚШ оларды қабылдайды», - деді.

The Athletic мәліметінше, Иран құрамасының бес футболшысы команданы тастап қашып шыққан және қазір Австралия полициясының қорғауында жасырын пәтерде отыр. Команданың турнирдегі соңғы ойынынан кейін полиция бес спортшыны қонақүйден шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), Азия футбол конфедерациясы (AFC) және Австралия билігі әйелдер құрамасының елде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша қалуына қатысты мәселені талқылап жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру