Қоғам

Алматыда бір тәулік ішінде екінші ірі өрт шықты

Echo

Фото авторы: ТЖМ




Ведомство таратқан ақпаратқа сай, өрт екінші жоғары дәрежеге жатқызылды. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, бес бағыттан су беріліп жатыр. Су үздіксіз жеткізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұл ғимарат кезінде Қазақ КСР Қаржы министрлігіне тиесілі болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматының Наурызбай ауданындағы Алтын орда көшесінде орналасқан балалар үйінде де өрт тіркелген еді. Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, оқиға кезінде 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланып,  зардап шеккендер болмаған.  

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру