Қоғам

Қазақстандағы ең қарт әжей 116 жасында өмірден өтті

Қазақстандағы ең қарт әжей 116 жасында өмірден өтті

Фото авторы: Ұлытау облысы әкімдігі




Қазақстандағы ең қарт тұрғын Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Newmedia.kz

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт ғұмыр кешті.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірді. Түймегүл апа 15 немере, 25 шөбере сүйген. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.

Түймегүл Темірбаева биыл қаңтарда 116 жасқа толған болатын. Оның елдегі ең қарт тұрғын екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растаған еді. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру