Фото авторы: ғаламтордан
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қараша күні сағат 15:48-де Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшесінде орналасқан ғимаратта өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтау шараларына кіріскен.
Нақтыланған дерекке сәйкес, өрт балалар үйінің аумағында орналасқан асхана мен үш қабатты ғимараттың шатырынан шыққан. Мекеме әкімшілігі өрт кезінде балалар дер кезінде эвакуацияланғанын және қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары дабыл белгісімен әрекет етіп, жұмыс істеуде"- деп мәлімдедіҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Министрлік ТЖД басшысы оқиға орнына барып, жағдайды жеке бақылауға алғанын хабарлады.
Пікір жоқ