Саясат

Жапаров Тәшиевті неге қызметінен босатқанын түсіндірді

Echo

Фото авторы: president.kg




Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын тағы бір мәрте түсіндірді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

"МҰҚК басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылдамас бұрын досыма қоңырау шалып, осында болып жатқан жағдайды түсіндіріп, оны қызметінен босататынымды хабарладым, содан кейін шешім қабылдадым", - деді Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында.

Қырғызстан президентінің айтуынша, осы шешімнің арқасында керісінше досын құтқарған.

"Өйткені оның қасында жүргендер, оларды "ақсақалдар" дейміз бе, "көксақалдар" дейміз бе, әйтеуір олар досымды тура жолдан тайдырды. Олар Қамшыбек Тәшиевтің атынан Парламент депутаттарына, жауапты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, қоғамда танымал адамдарға "генералдың жағына көшіңіз" деген әңгімелер айта бастады", - деді Жапаров.

Оның сөзінше, Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатпаса, бұл мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында, қоғам арасында алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін еді.

"Сондықтан досымды қызметінен босату туралы шешім қабылдауға тура келді. Мен үшін мемлекеттегі тұрақтылық бәрінен маңызды", - деді Садыр Жапаров.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру