Фото авторы: ДП Алматы
Астанада полиция адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Полиция департаменті мәліметінше, ерлі-зайыпты арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған.
"Алған жарақаттары салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - деді Астана ПД өкілі.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Пікір жоқ