Спорт

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды

Echo

Фото авторы: Instagram/Жәнібек Әлімханұлы




WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жек алдында тапсырған допинг тестінен өте алмады.

BoxingScene дерегіне сүйенсек, ерікті допингке қарсы ұйым VADA боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний затын тапқан. Ал боксшы болса әрдайым таза спортты қолдайтынын айтып, қайта тест тапсыратынын хабарлады.

«Жаңалықты оқып өзім де таңғалдым. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деген. Витаминдеріме де, тамағыма да еш өзгеріс енгізген жоқпын. Екінші тестте мұндай нәтиже қалай шыққанын түсінбей отырмын. Біз қайта анализ тапсыруды сұрадық. Қазір жауабын күтіп отырмыз», – деді ол Instagram парақшасында.

Қазақстандық боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық кездесу өткізуі тиіс болатын.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру