Спорт

Дастан Cәтбаев ойынға қашан оралады?

Дастан Cәтбаев ойынға қашан оралады?

Фото авторы: желі




"Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев команданың алдағы матчінде алаңға шығуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

18 жастағы қазақстандық футболшы бір айдан аса уақыт бойы алаңға шықпады, бұған дейін 3 қыркүйекте ойнаған болатын. Бұл оның "Мидлсброға" қарсы ойында алған жарақатына байланысты болды.

Кеше "Бернли" жаттығу жиынынан бірнеше сурет жариялады, онда Дастан Сәтбаев топпен бірге жаттығып жүргені көрінеді. Баспасөз мәслихатында "Бернли" бапкері қазақстандық футболшы сапқа оралғанын растады.

"Дастан оралды, ол толық деңгейде жаттығып жатыр және матчке қатысуға дайын болады", - деді маман.

Публикация от Burnley Football Club (@burnleyofficial) 
 
Айта кетейік, 18 жастағы футболшының "Челсимен" ұзақ мерзімді келісімшарты бар, бірақ қазір ол "Бернли" сапында жалдау шартымен өнер көрсетіп жүр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру