Фото авторы: Tengrinews.kz
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адам болған. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 9 миллион 127 мың 192 адам немесе 73,12 пайызы.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілердің 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған.
"Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайызы", - деп жазылған мәліметте.
Пікір жоқ