Саясат

Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтпек

Echo

Фото авторы: primeminister.kz




Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтеді,- деп хабарлайды Newmedia.kz

Алайда бұл тек қазақстандықтар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияны қабылдаған жағдайда ғана жүзеге асады.

Жаңа Конституцияның 95-бабында ҚР Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтататыны көрсетілген.

“Құрылтайға сайлау Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан бір ай ішінде жарияланып, Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуге тиіс”, – делінген Конституция жобасында.

Осылайша, Қазақстандағы парламент сайлауы 2026 жылғы 31 тамызға дейін өтеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру