Қоғам

"Хутор" басшысы делінген Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Аталған іс аясында барлығы алты адам сот алдында жауап берді. Олардың қатарында: Хасан Қасымбаев, Руслан Алиев, Мадияр Калимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхамбет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров бар.

Айып тағылған баптар - адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша алу.

Сот шешімімен Хасан Қасымбаев кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қасымбаевтың есімі көпшілікке Талғар қаласында Шерзат Полаттың қаза табу оқиғасынан кейін белгілі бола бастаған.

Қоғамда оның “Хуторские” деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны жөнінде түрлі әңгімелер тараған еді. Алайда ІІМ ресми түрде мұндай топтың бар екенін жоққа шығарған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру