Экономика

Ұлттық банк мемлекеттік қарызды басқаратын арнайы кеңсе құрып жатыр

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




- Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту үшін мемлекеттік қарызды басқару офисі (Debt Management Office) құрылып жатыр. Ол офис қарызды басқару саясатын жетілдіру бағытындағы стратегиялық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ақпарат жинау, қарыздың тұрақтылығын талдау, шешімдер дайындау операциялық міндеттерін де орындайды, - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, жаңа кеңсе мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының кеңеюіне, кірістілік қисығын қалыптастыруға ықпал етіп, ақша-кредит саясатының трансмиссиялық механизмін нығайтады.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында елдегі валюта бағамы сұраныс пен ұсынысқа сай қалыптасатынын айтқан болатын. Дегенмен қажет болған жағдайда реттеуші орган ретінде валюта бағамына интервенция жасауға дайын екенін атап өтті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру