Экономика

Доллар бағамы күрт төмендеп кетті

Доллар бағамы күрт төмендеп кетті

Фото авторы: cnbc.com




Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Сағат 13:20-дағы жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 455 теңгеден сатылып, 448 теңгеден сатып алынып жатыр. 

Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 452 теңге болса, сатып алу бағамы орта есеппен 449 теңге болып тұр.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Астанада доллар орта есеппен 459 теңгеден сатылып, 452 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа сату бағамы 456 теңге, сатып алу бағамы 454 теңге болған еді.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру