Спорт

UEFA Алматының орталық стадионына 81 ескерту жасаған

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Baitassov Live жобасына берген сұхбатында ол аталған спорт нысанына 80-нен астам техникалық және ұйымдастырушылық ескерту түскенін жеткізді.

Бұл сын-ескертулер шотландиялық «Селтик» командасымен өткен матч барысында анықталған. Боранбаевтың сөзінше, UEFA өкілдерімен екі күндік бірлескен жұмыстың нәтижесінде ол талаптар саны 21-ге дейін азайтылған.

UEFA-ның матч комиссары ойын алдында бәрін тексереді. Олар бізге 81 ескерту жасады. Бұл өте көп! Олар үшін қауіпсіздік өте маңызды. Сондықтан олар стадионда отыратын орын санының көп болуына, сондай-ақ дәліздерді адамдар жауып тұруына қарсы болды, – деді Боранбаев.

Сонымен қатар клуб басшысы Алматыдағы басты стадионның қазіргі заман талаптарына сай келмейтінін атап өтті. Оның пікірінше, шаһарда 30 мың көрерменге арналған жаңа, заманауи стадион салуға толық мүмкіндік бар.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру