Оқиғалар

ҰБТ-дан 140 балл жинаған жалғыз түлек кім?

ҰБТ-дан 140 балл жинаған жалғыз түлек кім?

Фото авторы: Әлеуметтік желі




Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады, – деп хабарлайды Newmedia.kz aqshamnews.kz сілтеме жасап.

Биыл 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 187 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 323 рет ағылшын тілінде тапсырды,.

 Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 556 талапкер қатысты.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру