Оқиғалар

Алматыда Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Echo

Фото авторы: instagram.com/assanali.ashimov




Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті.

Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары келген.

Актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов "Кеңсай-1" зиратында жерленеді. 

Айта кетейік, өнер иесі 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді. 

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру