Қоғам

Түркістанда сыныптастары 9 сынып оқушысын аяусыз ұрып өлтірген

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады.

Жантүршігерлік оқиға 3 қараша күні орын алған. Алдын ала деректерге сүйенсек, тоғызыншы сыныптың бір оқушысы өз сыныптасын кеуде тұсынан ұрып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында,- деп хабарлады ПД өкілдері.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері де өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру