Қоғам

Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Алдағы үш күнде Қазақстанның көпшілік өңірлерінде атмосфералық фронттардың ықпалы байқалады. Соның нәтижесінде ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік аймақтарда боран соғуы мүмкін, ал 13 қараша күні оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде де жауын-шашын болады деп болжануда.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – деп хабарлады синоптиктер.

Ауа температурасы:

-еліміздің батысында +8…+18° жылы;

-шығысында -5...+5° жылуға дейін;

-оңтүстікте +10…+18° жылы;

-солтүстік-батыста +2…+13° жылудан -5…-10° суыққа дейін төмендейді,

-солтүстікте +0…+5° жылудан -2…-7° суыққа дейін,

-орталықта +0…+8° жылудан –8…–3° суыққа дейін,

-оңтүстік-шығыста +5…+15° жылы,

-таулы аймақтарда +0…+5° жылудан -5…-10°.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру