Фото авторы: желі
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Мемлекеттік департамент қауіпсіздікке төнген елеулі қатерлерге байланысты америкалықтарды Таяу Шығыс елдерінен дереу кетуге шақырды.
АҚШ мемлекеттік хатшысының консулдық мәселелер жөніндегі көмекшісі Мора Намдардың айтуынша, АҚШ өз азаматтарына қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдалану және қажет болған жағдайда консулдық қызметтерге жүгінуді ұсынған.
Тізімге Бахрейн, Мысыр, Иран, Ирак, Израиль, Газа секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен елдері кірді.
Мора Намдар Х әлеуметтік желісіндегі жазбасын 3 наурыз күні жариялады.
Пікір жоқ