Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.
Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Жастарды, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарды жұмыспен қамтуға баса мән беріледі.
Пікір жоқ