Саясат

Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Echo

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ, АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті.

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты.

Сондай-ақ, мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді. Президент наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру