Саясат

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Ердоғанды күтіп алды

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Ердоғанды күтіп алды

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру