Фото авторы: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті бақылап отыр,- деп хабарлады Newmedia.kz
Осыған байланысты Президент Иордания Королі ІІ Абдаллаға арнайы хат жолдап, Қазақстан қазіргі күрделі кезеңде бауырлас иордан халқына қолдау білдіретінін жеткізді.
Хатта Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс екенін тағы да атап өтті.
Пікір жоқ