Саясат

Тоқаев Шри-Ланка халқына көңіл айтты

Echo

Фото авторы: Ақорда




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты, - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, Шри-Ланкада толассыз жаңбыр соңы су тасқынына ұласқан. Салдарынан 132 адам қаза тауып, 176 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру