Фото авторы: Ақорда
Мемлекет басшысының айтуынша, орыс тілі Қазақстанның әлеуметтік-саяси, ғылыми және мәдени салаларында маңызды рөл атқарады. Ол еліміздегі түрлі мәдениеттердің өзара сыйластығы мен ықпалдастығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі екенін жеткізді.
Тоқаев орыс тілін қолдау – тек тіл саясатының бір бағыты емес, халықтар арасындағы гуманитарлық серіктестік пен сенімді нығайтудың маңызды тетігі екенін айтты.
Пікір жоқ