Саясат

Тоқаев Путинге: Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар

Echo

Фото авторы: Ақорда




Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келген сәттен бастап көрсетілген айрықша құрметке алғыс білдіріп, қазіргі таңда екі елдің арасында ешқандай мәселелер жоқ екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Мәскеуге, осынау қасиетті жерге табаным тиген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Жаңа ғана протокол аспектілері жөнінде айтылды. Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады. Сіздің шақыруыңызды зор ықыласпен қабыл алдым. Расында, бүгін бейресми жағдайда пікір алмасамыз. Менің Өзіңізбен талқылағым келетін біраз пікір-пайымым бар.


Ал Путин уақыт тауып, мемлекеттік сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. 

«Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын»,-деді Ресей президенті.
Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру