Саясат

Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында премьер-министрдің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі. 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру