Фото авторы: Ақорда
Бүгін Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің екінші форумында сөз алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрге бір апта ішінде орындалуы қажет тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Newmedia.kz.
«Жерді қолынан іс келетін, жұмыс істеуге ниетті азаматтарға беру керек деген тапсырма бірнеше рет айтылды. Алайда, бұл маңызды жұмыс баяу жүргізіліп жатыр. Сондықтан Жолдауда мемлекетке қайтарылған жерді келесі жылдың ортасына дейін түгелдей тұрақты айналымға енгізу туралы тапсырма берілді. Әкімдіктердің осы мәселеге қатысты жоспарлары қағаз жүзінде қалып қоймауы керек. Ең бастысы, жер тағы да игерілмей, бос қалмауы қажет», - деді Тоқаев форумда.
Пікір жоқ