Фото авторы: Ақорда
Бұл туралы президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында хабарлады.
10 қарашада Астанадағы Министрліктер үйі маңында қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың ата-аналары жиналып, тергеудің әділ және ашық жүргізілуін талап етті.
«Әскери қылмыстарды жасыру тоқтатылсын. Казармада, асханада және оқу залдарында бейнебақылау камералары орнатылсын. Кінәлілер заң алдында жауап берсін. Күмән тудырған істер бойынша сараптамалар, бейнематериалдар мен медициналық қорытындылар қайта қаралсын. Тергеу қоғамдық бақылау және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілсін», – деді жиналғандар.
Сонымен қатар, ата-аналар әскердегі сарбаздардың өліміне қатысты тәуелсіз қоғамдық комиссия құруды ұсынды.
Пікір жоқ