Фото авторы: желі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайға жасалған шабуылға байланысты өз ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп жан-жақты тергеледі. Сонымен қатар, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсірген жағдайды аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтірмей, дипломатиялық жолмен реттеу маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл мәселенің дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілетініне сенім білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжан аумағына құлағаны хабарланған болатын. Нахчыван қаласындағы әуежай аумағында ұшқышсыз аппарат жарылып, салдарынан өрт шыққан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, терминал ғимаратына зақым келген.
Пікір жоқ