Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі
Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Пікір жоқ