Саясат

Тоқаев Ақордада бельгиялықтар королі мен патшайымын қарсы алды

Тоқаев Ақордада бельгиялықтар королі мен патшайымын қарсы алды

Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі




Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

 

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. 

Айта кетейік, 11–14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді..

 

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорлары форумына, сондай-ақ, басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру