Саясат

«Тергеу изоляторында қайтыс болды»: Жасөспірімді зорлады деп айыпталған экс-шенеунік туралы ақпарат тарады

Echo

Фото авторы: желі




Батыс Қазақстан облысында қыз зорлады деп айыпталған шенеунік ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

25 ақпанда күдікті заңда белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"11 наурызда денсаулығы нашарлауына байланысты күдікті Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес диагнозы: бауырдың зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті (кетоацидозбен). Ол 16 наурызда сағат 18:10-да есін жимастан қайтыс болды", - деп жазылған БҚО ПД хабарламасында.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру