Фото авторы: anarbekov_temirlan77 / instagram
Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша рейтингіде көш бастады.
Қазіргі таңда Sofascore рейтингінде биылғы UEFA Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан небәрі төрт футболшы ғана 8.00 және одан жоғары ұпай жинай алды. Осы тізімде атақты ойыншыларды басып озып, Темірлан Анарбеков бірінші орында тұр.
Отандасымыз 8.90 ұпайға ие болса, келесі орындарда Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») — 8.34, Виктор Осимхен («Галатасарай») — 8.33, ал Никита Хайкин («Будё-Глимт») — 8.10 ұпаймен орналасқан.
Айта кетсек, Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасындағы жоғары деңгейлі ойынымен көзге түсіп, спорт сарапшыларының оң бағасын алып жүр.
Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матчта ол UEFA белгілеген кездесудің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Қақпашының ойын шеберлігі 9,2 балмен бағаланып, матч барысында Темірлан 8 сейв жасады.
Пікір жоқ