Саясат

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға сот үкімі шықты

Echo

Фото авторы: gov.kz




Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Сот барысында шенеунікке ірі көлемде алаяқтық жасады және аса ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылды. 31 наурыз күні өткен сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

3 сәуірде жарияланған сот үкіміне сәйкес, Жақсылық Омар кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда сол кезде өңірлік әкімдік бұл мәліметті жоққа шығарып, шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын хабарлаған.

Кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған тұлғаға қатысты тергеу басталғанын растады. Артынша іс сотқа жолданып, бүгін үкім шықты.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру