Спорт

Сподаренко Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді

Echo

Фото авторы: ҰОК




Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзу спортынан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Софья Сподаренко жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Қазақстандық жүзуші 100 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен еңсеруде қарсыластарының бәрінен оза шауып, үздік нәтиже көрсетті. Ол бұл қашықтықты 1 минут 1.66 секундта бағындырды.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Дефне Танигке бұйырды — 1:02.05. Ал оның жерлесі Сехер Кая 1:02.42 нәтижемен үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін каратэ спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская да Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль иеленген болатын.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру