Фото авторы: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жақсылық Омарға қатысты үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Ведомство мәліметінше, Жақсылық Омардың іс-әрекеті сыбайлас жемқорлық санатына жатады. Айыптау тарапы іс қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескеріп, заңда қарастырылған ең жоғары жазаны сұраған.
"Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарға рақымшылық және мерзімінен бұрын шартты түрде босату нормалары қолданылмайды", - деді прокуратура өкілі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір жоқ