Фото авторы: РИА новости
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыровты республика үкіметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Сонымен қатар, Ахмат Қадыров 2024 жылдан бері атқарып келе жатқан Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын қатар алып жүре береді.
Айта кетейік, Шешенстан басшысының өзге де ұлдары түрлі жауапты қызметтерге тағайындалған. Мәселен, 2024 жылы Зелимхан Қадыров «Ахмат» жекпе-жек клубы мен Шешенстан бокс федерациясының басшылығына келген. Ал 2025 жылы Адам Қадыров республиканың Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.
БАҚ деректеріне сүйенсек, Шешенстан басшысының туыстары, оның ішінде 14 баласының жетеуі әр жылдары мемлекеттік қызмет атқарған немесе қазіргі уақытта лауазымды қызметтерде жұмыс істеп келеді.
Пікір жоқ