Фото авторы: желі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол-көлік оқиғасынан кейін Грозный қаласындағы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы ауыр болуы мүмкін,- деп хабарлайды Newmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Шешен оппозициялық NIYSO қозғалысының Telegram-арнасының мәліметінше, жол апаты Грозный қаласында болған. Хабарламада Қадыровтың кортежі әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып, бірнеше көлік бірінен соң бірі ілесіп келе жатқан сәтте кенеттен кедергіге тап болғаны айтылған. Соның салдарынан кортеждегі көліктер бір-біріне соғылған.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да болуы мүмкін. Алайда оның аты-жөні нақтыланбаған.
Сондай-ақ хабарламаларда аурухана маңындағы даңғылдың уақытша жабылғаны және Грозный қаласына кіреберістерде автокөлік кептелістері пайда болғаны айтылған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми органдар тарапынан толық мәлімет берілген жоқ.
Пікір жоқ