Спорт

Qyzyljar футбол клубы кәсіпкер Сергей Канға берілді

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының спорттық бренді, инфрақұрылымы мен активтері жекеменшік иелікке берілді. Бұл туралы тиісті келісімшартқа қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, клубтың Қазақстан, Еуропа және әлемдік деңгейдегі (ҚФФ, FIFA, UEFA) турнирлерге қатысуына байланысты барлық құқықтары мен міндеттері жаңа меншік иесіне өтеді.

Клубтың жаңа инвесторы – кәсіпкер Сергей Кан. Ол «QYZYLJAR» атауымен жаңа заңды тұлға ретінде жеке мекеме тіркеген. Команда бұрынғы атауын, клубтық реңктерін және брендтік белгісін сақтап қалады.

Клубтың бас менеджері қызметіне мол тәжірибесі бар Әлішер Апсалямов тағайындалды. Бұған дейін ол Sarajevo, Cardiff City, «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобыл» клубтарында қызмет атқарған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру