Фото авторы: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, цифрлық трансформация – Президент айқындаған стратегиялық бағыттардың бірі. Көрме аймағында 16 интерактивті алаң жұмыс істеді. Қатысушылар цифрлық сервистердің жұмысын нақты уақыт режимінде көрді.
Негізгі жобалар:
- «Smart әскери комиссариат» – әскерге шақыру SMS арқылы жүзеге асады, тіркеу мен кейінге қалдыру қызметтері онлайн түрде қолжетімді. Жақында медициналық тексеру де цифрланады.
- Jauynger.gov.kz – келісімшарт бойынша қызметке тұру және әскери-техникалық оқуға тіркелу толық автоматтандырылған.
- Sarbaz 2.0 – мерзімді әскери қызметшілердің жетістіктерін тіркеп, білім гранттарын әділ бөлуге жәрдемдеседі.
- Askeri Ziyat – колледж бен ЖОО-ға онлайн өтініш беруге арналған білім беру платформасы.
- ARMIA.KZ – әскери қызметке қатысты ақпарат беретін цифрлық кеңесші.
- «Бес қару» – жасанды интеллект арқылы жеке дайындық нәтижелерін бағалап, ұсынымдар береді.
- Кадрлық есеп жүйесі – 2025 жылдың соңына дейін 8 жаңа модуль іске қосылады (іссапар, демалыс, киіммен қамту, т.б.).
Бұл жобалар армияны заманауи форматқа көшіруге және әскери жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Министрлікте цифрлық шешімдер уақытты үнемдеп, бюджет шығындарын қысқартып, адами факторды азайтатыны атап өтілді.
Пікір жоқ