Саясат

Қоғамдық орында темекі шеккен министр жауапқа тартылды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған видео себеп болды, - деп хабарлайды Newmedia.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін министрге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ниязбековқа 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қырғызстан ІІМ өкілдері заң лауазымға және мәртебеге қарамастан барлығына бірдей екенін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода министрдің ғимараттың кіреберісінде темекі шегіп тұрғаны көрінеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру