Фото авторы: adebiportal.kz
Бұл қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.
Күләш Ахметова - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері.
Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға.
Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.
Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Пікір жоқ