Фото авторы: видеодан скриншот
Lada.kz жергілікті басылымының мәліметінше, мамандар өз еңбекақыларының қазіргі экономикалық ахуалға сай еместігін айтып наразылық білдірген.
«Қазіргідей жоғары инфляция мен қымбатшылық кезінде қарапайым жұмысшыларға өз отбасын қамтамасыз ету қиын. Біздің жалақымыз қымбаттаған азық-түлікті сатып алу мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жеткіліксіз», – делінген үндеуде.
Сонымен қатар, қызметкерлердің айтуынша, компанияның жоғары басшылары 10 айлық жалақыға тең біржолғы төлем алған, ал қарапайым мамандарға небәрі 20 мың теңге ғана берілгені олардың наразылығын тудырған.
«Бұл – ашық әділетсіздік және біздің еңбегімізге деген қарым-қатынасты көрсетеді», – деді жиналғандар.
Қызметкерлер компания басшылығын қалыптасқан жағдайға көңіл бөліп, негізгі техникалық және өндірістік міндеттерді орындайтын мамандардың жалақысын арттыру мүмкіндігін қарастыруға шақырып отыр.
Пікір жоқ